Мен саған өкпелемеймін

Мен саған өкпелемеймін

Алыстап кеттік расында,
Суынып кетті сезім де.
Сен мені қарсы аласың ба?
Аулыңа барған кезімде.
Кеудемде ізгі ой қалдырған,
Жан едің енді не дейін.
Шықпасаң шықпа алдымнан,
Мен саған өкпелемеймін.
Толғантқан осы ой көп мені
Ажырап кетті жол неден?
Білмейсің оны өйткені,
Кезінде білгің келмеген.
Сен соны іштей ұғына,
Көрсетпей маған жасыңды.
Сен менің адалдығыма
Кеткенсің иіп басыңды.

Песен-НИКИ

Загрузка...

Другие песни Аллаберген Жақсыбаев

Все песни →

Похожие песни