Арылмасын думан-той даламыздан
Қосылайық қария, баламыз да.
Ұмытайық барлығын қайғы-мұңның
Көтер көңіл өзгеден қаламыз ба!
Бастарыңа бақ қонсын Қыдырменен
Аспаныңда күн тұрсын күлімдеген.
Кетсін қайғы қиындық қырын дер ем
Той-думандар бітпесін бүгінменен.
Не жетеді өмірде жарасымға ай
Елдің бәрі байыса боласың бай.
Бірлікпенен жеңейік бар қиынды
Бірге туған бір үйдің баласындай.
Әрбір жанның үйінде бақ орнасын
Шат-шадыман қуаныш тағы орнасын.
Қазақ деген киелі туған елдің
Берекесі ешқашан жоғалмасын.

Песен-НИКИ

Загрузка...

Другие песни Аллаберген Жақсыбаев

Все песни →

Похожие песни