Сәл көрмесем сағынып құшқан
Сәл мұңайсам асығып ұшқан.
Мен дегенде жүрегін тосқан
Кел жаныма бауырым.
Көп достармен жүрсем де бірге
Көп жабығып күлсем де күнде,
Өз орының бөлек ғой мүлде
Ет жақыным бауырым!
Жаныма жақын жан бауырларым
Сөздері терең жақыным сен ең.
Бір туып, бірге өскен сендерге
Шын жүректен бұл арналады өлең!
Таң боп атып аймалар бағың
Күн көзіне айналар жаным.
Бір өзіңе арналар әнім
Жан бауырым, бауырым!
Тән, денең де, қаның да бірдей
Бір мен үшін бәрің де бірдей-
Көп сағындым жаныңда жүрмей
Кел бауырым, бауырым!

Песен-НИКИ

Загрузка...

Другие песни Аллаберген Жақсыбаев

Все песни →

Похожие песни