2008 қолда Nokia Менде рэп компта Біреуде токио Интернет пері ол жас сорт От и дo Ато барлығы Мұрны өскен пиноккио 2009 қазақтар құлақта Сол кезде білдім Не екенін құлаққап Ойым да санам да Бəрі тұрақталып Жəй мен сездім Жүрек нені ұнатады 2010 не тыңдайсың деді маған Сол кезде көрдім Музыка үшін мені жамандаған Бірақ қараларды Тыңдағаныма арланбағам Сол кезде пайда болды Қара бала армандаған 2011 дауыстап айта бастады Қара баланы қара жаққа Бөліп тастады Мектепте қойылатын Баға үштен аспады Жиналыста анамды Жерден алып жерге тастады 2012 мама оқимын жақсы Жиғанына силады ноут Болсын деп қатарласты Сабақ емес басқа Нəрсеге көзім түсті «Adobe Audition» Ноуттағы көк түсті Есімде тапсырғаным Темір, шөлмек жинап Алғашқы табысыма Алдым микро 2000-ға 2013 балмұздақ студент Жолым болды мама Грантқа мен түстім деп Хабарласқан кезде Анам маған қуанышты Өмірге қара бала Жаңадан бір парақ ашты 12000-ды 1 айға жетіп жаратқан Сол жылы түсіп Қайта айырылдым гранттан Үйге барғым келмеді Жармасып балақтан Естіртпей жəймен көшеде Жарнама таратқан Құлақта құлаққап Акиматтың алдында Арлы-берлі сыпырады Дем ала алмай шаңына Ресторанда жəймен Арлы-берлі тамақ тасып Даяшы боп жүргенім Сабаққа қабаттасып Сол кезде ұйқы бұзылды Қызыл көз қызыл тамыр Не болсада құлағымнан Тастамадым музыканы Меховая 8 Ең алғашқы махаббатым «Raim» деп қойылды Сол кезде лақап атым Үлкен арманмен келді Ауылдың қара баласы Студияға «DD Records» Деп аталатын 2014 жақын таныстым ағаммен Тынысым кеңейді Мен мақтандым ақ жағаммен Қуанамын танысқаныма Сендей адаммен Кездеспесеккім боларымды Білмеймін тіпті шамамен 2015 жинала бастады топ Арамызда тек мен дейтіні жоқ Барлығы бірі үшін Бірі барлығына Көңіл түсірмедік Болмасада қарын тоқ 2016 жəймендеп қадам бастым Музыканы түсініп Ағаммен қатарластым Байқады қара баладан 1 дүние Сол студия Айналды меннің үйіме 2017 қоржында əндер жиналды Осы кезде əндерге Аяқта деді финалды Ауылдан əкелген Қарапайым əндеріңнен Жасаймыз деді ағам Альбом идеалды Есімде Жеңістің қасымда Болған кездері Шаршағанда қолдау береген Оның сөздері Есімде Димаш Студияға келген сайын Əрбір əндерімнен Алып кететін кайф Есімде Алина Əрбір жазған əндерімді Түсінеді есіне алып Көрші болған кездерімді Есімде команданың Барлығы да мен үшін Жұмыстары болсада Аямады бар күшін Мен үшін ол кезде Ұйықтамады жасыл қала Ұйқысын бөлді Мен үшін жақын ағам Пайдкөз деп жазған емес Ішкі дүниені Ақтарып альбом жаздым Аталды қара бала Алғашқы альбом Раймның қуанышы Бұл альбоммен мақатанады Өзінің ауыл іші Сол кезде букіл Қазақстан Қуанатындай Хит жазылды Артурмен таңатпай Қой бағып өскен Ауылдағы қара бала Қалжыңдағы ағам енді Қазір ол қала бала Гастольде Райм Артур Барлық жерде бүкіл қала Мәскеуде Ресейде, Бішкекте қырғыздарға Ия мен көрінгенге Мәз боламын Мен үшін екі нәрсе Жасаған әр қадамым Тәрбиесі деп білемін ата-анамның Және де қарапайымдылықты Үйреткен ағамның Бастысы қымбат нәрсе Олардың аттары емес Қымбат заттар олар Мүлдем заттар емес Бастысы шыққан жерді Ешқашанда ұмытпа Бауырым менен артық етпес Жәй кеңес Байқағаным көңілсіз Әр альбомның соңғы трэгі Осы 10 жыл мен үшін Бақытты сәттер өмірдегі Жанұяма алғыс Қолдап жүрген мені үнемі Бір Аллаға мәлім тек Алда тағы не күтеді
Песен-НИКИ
Загрузка...
