
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты — Мен жастарға сенемін! Мен жастарға сенемін! Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар. Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін! Мен жастарға сенемін! Тау суындай гүрілдер, Айбынды алаш елім дер, Алтын Арқа жерім дер, Мен жастарға сенемін! Мен жастарға сенемін! Мен сенемін жастарға: Алаш атын аспанға Шығарар олар бір таңда, Мен жастарға сенемін! Қажу бар ма тұлпарға, Талу бар ма сұңқарға?! Иман күшті оларда, Мен жастарға сенемін!.. Мен жастарға сенемін!.. Жас қырандар — балапан, Жайып қанат, ұмтылған. Көздегені көк аспан, Мен жастарға сенемін! Мен жастарға сенемін! Жұмсақ мінез жібектер, Сүттей таза жүректер, Қасиетті тілектер — Мен жастарға сенемін! Мен жастарға сенемін! Тау суындай гүрілдер, Айбынды Алаш елім дер, Алтын Арқа жерім дер, Мен жастарға сенемін! Мен жастарға сенемін! Мен сенемін жастарға: Алаш атын аспанға Шығарар олар бір таңда, Мен жастарға сенемін! Қажу бар ма тұлпарға, Талу бар ма сұңқарға?! Иман күшті оларда, Мен жастарға сенемін!.. Мен жастарға сенемін!..
Песен-НИКИ
Загрузка...
Другие песни Baqay
Все песни →Похожие песни

Бигасс
SODA LUV
Ничего личного
Русский рэп201975,446

Бандана
Платина
РНБ КЛУБ
Русский рэп201859,980

Свадебное путешествие
Александр Буйнов
Острова любви
Русская эстрада199954,906

Каспий жағалауы
Azamat
Поп200134,438

Шпилька-каблучок
Лолита
Анатомия
Русская эстрада201433,308

Девочка 2D
Dead Rave
Singles 15-17
Русский рэп201828,891
