Босатып кеттің мені бозбала шақ
Қимадым қызығыңнан аз ғана сəт
Қыздарға қырындаған қайран дəурен
Алушы ең мазамызды маздамасаң
Өзгерген бе сол бағың өмірімнің
Басылмай жүргенінен желігімнің
Есімін сұрап едім бір қарындас
Есігін қатты жапты көңілімнің
Есімін сұрап едім бір қарындас
Есігін қатты жапты көңілімнің.
Тыныш жүр жүрегімде бөтен сыр жоқ
Жүрекпен жеткізбейді букет іздеп
Номерін сұрап едім бір қарындас
Жауабын берді маған нестейсіз деп.
Арманым алғыр еді айға ұшуға
Ардағым қалды менің қайта осында
Өмір ай өтіп жатқан күндер зулап
Қимадым сол бір сəтті тамшысында
Өмір ай өтіп жатқан күндер зулап
Қимадым сол бір сəтті тамшысында.
Өзгерген бе сол бағың өмірімнің
Басылмай жүргенінен желігімнің
Өмір ай өтіп жатқан күндер зулап
Қимадым сол бір сəтті тамшысында
Есімін сұрап едім бір қарындас
Есігін қатты жапты көңілімнің

Песен-НИКИ

Загрузка...

Другие песни Алтынбек Тәшімбетов

Все песни →

Похожие песни